Материалдар санатында: 851
Материалдар көрсетілді: 81-90
Беттер: « 1 2 ... 7 8 9 10 11 ... 85 86 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Бәйгеге тұлпарын коскан бір жігіт балгердің алдына келіп:
- Бәйгеге атымды қосып едім, соның нешінші болып келетінін айтып беріңізші, - дейді өтініп.
Құмалағын шашып жіберген балшы:
- Бәйгеден бірінші бір ат келеді, арада біраз уақыт өткенде екінші ат келеді. Ары қарай аттар бірінен кейін бірі келе береді, - деген екен беті бүлк етпей.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
МАИ қызметкері "Камаз” жүк көлігін тоқтатын:
- Кузовыңыздың есігін ашыңыз, -депгі шопырга.
- Мың теңге берейін, ашпай-ақ қойыңызшы, - депті шопыр қасарысын.
- Аш! - депті милиционер ашу шақырып.
- Екі мың теңге берейін, ашпай-ақ қояйықшы! - депті шопыр бедірейіп.
- Аш дедім гой мен саган!
- Үш мың берейін, ашпай-ақ қойыңызшы.
МАИ қызметкері алған бетінен қайтпай қойган сон шопыр кузовты ашып жіберсе ішінде ештеңе жоқ екен. Мент не істерін білмей сасып қалады.
Есігін жаба берген шопыр:
- Поле чудес ойнадым, - деген екен жымиы.

Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Бір тойда асаба жігіт жүз еркекті ортаға шығарып:
- Әйелдеріңнен қорқатындарың үш кадам алға шығыңдар! - десе, тоқсан сегіз еркек алға шығып кетіп, тек екі еркек қана орындарынан жылжымапты. Асаба әлгі екеуін "міне нағыз еркек, міне, настоящий мужчина” деп әбден мақтапболып:
- Аға, сіз шынымен әйеліңізден қорықпайсыз ба? - деген екен біреуінен сұрап.
- Бауьірым, қаттырақ айт, менің кос құлағым тас керең, - депті онысы кұлагын тосып.
- Ал, сіз ше? Сіз шынымен әйеліңізден қорықпайсыз ба?
- деп екіншісінен сұраса:
- Е, бауырым, мен бір қай мәз болғаннан тұр дейсің. Әйелімнің рұқсатынсыз бір кадам алға баспаушы едім, - деген екенмұңайып.
Автордын сөзінен:
Қымбатты ханымдар! Еркектер сіздердеп қорық- пайды, сыйлайды. Осыны шатастырып альт жүрмеңіздер. Еркегін сыйламаган әйел - бақсыз дйел, еркегін құрмет түтқан әйел - бақытты әйел.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Біреудің еркегі тойға барғанда көп ішіп қояды екен, масқара болғанда артықтау кетіп қалып, көзге түсіп кояды екен.Келесі тойға барардың алдында әйелі күйеуінен былай деп сұраныпты:
- Бүгін ұятты жерге барамыз. Өткендегідей араққа бөгіп алып топыраққа аунап жүрме. Тойға барғаннан кейін екеуміз катар отырайық.”Алып қояйық” деген кезде мен сенің аяғыңнан басып калам, сол кезде сен алмай-ақ кой, жарай ма?
Күйеуі уәдесін беріп, екеуі тойға барады. Келісім бойынша катар жайғасады. Тілек айтылып, "ал, алып қояйық" дегенде, келіншегі күйеуінің аяғын басып қалып ішкізбейді. Арада біраз уақыт өткенде алып қояйық десе де, демесе де, тост айтылса да, айтылмаса да жігіт бірінен кейін бірін тамағына карай тастап жатыр дейді. Келіншегі аяғын басқан сайын күйеуі тоқтамастан қылғыта беріпті. Жыныкелген келіншек күйеуінің токтамайтынын сезгеннен кейін санынан бұрап алыпты. Сонда араққа тойып алған күйеуі:
- Неге сен менің санымнан бұрайсың?! - депті көзін алартып.
- Бағана үйден шыққанда келісіп едік қой, мен сенің аяғыңнан басқан кезде ішпеуің керек еді, ал, сен болсаң басқан сайынқылғытып жатырсың?! - дейді келіншегі күйіп-пісіп.
- О, кеңкелес менің келіншегім! - деген екен сонда тойып алған жігіт ыкылық атып. - Жиырма бес жыл менімен бірге тұрып жатсаңда әлі сырымды білмейді екенсің ғой. Столдың астына карашы!
Келіншегі дастарханның шетін жайлап көтеріп столдың астына қараса, ку жігіт кос аяқ киімін шешіп, келіншегінің қасына койып қойған екен. Аңқау әйел бос аяқ киімді баса берген, еркегі болса тамағына карай тастай берген, тастай берген.
Автордын сөзінен:
Күрметті күдалар! Араларынызда күйеуінің аягын басып ішкізбей отырган келіншектер болса, көп болып көмектесіп, екеуін екі жаққа отыргызайық. Шақырганда тойга барган дүрыс, денсаулық болса артық кетіп қалмай алган дүрыс. Қүдадан үят кетсе, қүдагидан рең кетеді. "Көрпеңе қарап көсіл” деген, не істесек те шама- шарқымызга қарайық. Шамасын білмеген шалшыққа аунайды..
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Жеті жүз адам сиятын мәдениет залында үлкен концерт өтіп жатса керек. Концерт бітуге таяған кезде кара домбырасын аркаланып келген казақтың кара домалак баласы "мен бір терме айтайыншы "деп сұраныпты. Қара домбыраның мысы басса керек, "айтсаң айт” деп сахнаның төріне жіберіпті. Астына апалар тігіп берген кішкене құрак көрпешесін төсенген әнші жігіт малдас құрып отырып, екі көзін таре жұмып, ұзак бір термеден бастаса керек. Арада жарты сағаттай уақыт өткеннен кейін екі көзін айқара ашып қараса, жеті жүз адамнан ешкім қалмапты. Тек қана екі кемпір отыр екен. Көздерін қайта жұмып, бір сағаттан кейін термесін бітіріп көзін ашеа, әлгі екі кемпір әлі отыр дейді. Риза болған жігіт біреуіне жақын келіп:
- Оу, апа, менің әнімді аяғына дейін тыңдадыңыз гой. Соған Караганда ұнаған болса керек. Апа, шыныңызды айтыңызшы, менің термем сізге ұнады ма, жок па? - десе:
- Әй, қараңқалғырдың баласы, қаттырақ айт, менің екі құлағым тас керең! - депті кемпір жаулығының шетінтүріп.
Көңілі калган жігіт екінші ападан сұраса:
- Мен бір еріккеннен отыр дейсің бе? Анау астыңатөсеп алған кұрақ көрпеше менікі еді, соны күтіп отырмын, - деген екен онысы ашуланып.
Автордын сөзінен:
Егер сіздің дауысыңыздан бесіктегі бала шошып оянатын болса, егер сіздің әніңізден атқа мініп бара жатқан кокемізді am топыраққа лақтырып кететін болса, он Да ән айт деген зорлың болмайды. Бірақ, "әу” демейтін қазақ жоқ. Отырысымызды әселі эндеріңізбен ажарлап отыратын болсаңыздар, алгыстан басқа айтарымыз жоқ. 
Бір үйге жаңадан түскен жас келін бала көтермей. ем- домның неше түрін жасайды. Әбден амалдары таусылған үй егелеріне бір тәу іп:
- Егер келіндеріңіздің үстінен арманы жоқ кемпір аттап өтетін болса, онда немерелі боласыздар, - дейді.
Мынаны естіген ата-енесі тез арада арманы жоқ кемпірді іздеп, жолға шығады. Байдың кемпірінде арман болмайтын шығар деп мыңғырған малы, шылқыған байлығы бар шаңыраққа келеді. Сөйтсе, ол үйдің кемпірінде арман деген молынан жетеді екен. Бір апта аяктарынан тозып, армансыз кемпір таппай азып-тозып келе жатса, алдарынан отын арқалаған жалаңаяқ кемпір кездесіпті. Жандары ашыған олар кемпірді ала кетпекші болып қасына жакындайды. Не үшін жүргендерін айтқан кезде:
- Мына менде арман жоқ, - депті кемпір жайбарақат.
Жерден жеті қоян тапкандай қуанып кеткен олар:
- Қалай арман жоқ?! Шынымен айтып тұрсыз ба?! - дейді жарыса сұрап.
- Жалған айтып не көрініпті. Мына менде арман да жоқ, дамбал да жоқ, - деген екен кемпір етегін көтере беріп.
Автордын сөзінен:
Армансыз адамды қанатсыз қусқа теңейміз. Армандарыңыз алга жетелеп, қиялдагы дунивлеріңіз шындыққа у ласа берсін!
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Бірде жасы жүз үшке келген апаның тойында болғанымыз бар. Жеті жүзге жуык қонақтар жиылган той керемет өтті. Облыс әкімшілігінен, аудан басшылығынан арнайы өкілдер келіп, сый-сияпаттарын ұсынып жатты.
Ертеңіне апамыздың көңіл күйі төмендеп, төсек тартып жатып қалса керек. ?л-қыздары, немере-шөберелері:
- Апа, неге көңіл-күйіңіз төмен, тойыңыз тамаша өтті
ғой?-деп сұраса:
- Е, қарақтарым, бұл тойға менің қонақтарымның
біразы келмей қалды, - депті әже мұңайып.
- Оу, апа, калай келмей қалды? Мына тізімдегілердің бәрі келіп, беретінін берді емес пе?
Сондатөсектен басын көтерген кейуана:
- Мен айтқанмен сендер түсінбейсіңдер. Бұл тойға менің құрдастарым келмей қалды, - деген екен апаның жанары
жасаурап.
Автордын сөз;нен:
Жүз үштегі апада қүрдас қайДан болсын? "Тең теңімен,тезек қабымен” деген осы. Менің осында отырган барша қауымга тілерім, әрқайсыңыз жуз ушке келіп, өмірдегі өз құрдастарыңызды шарқ үрып іздеп, сандалып таппай жүре беріңіздер!
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Жаугершілік заманда жаңадан үйленген жас жігіт жорыкка аттанып, арада жиырма жыл өткенде еліне келе жатады. Әбден шаршаған ол мызғып алмақшы болып, биік бәйтеректің түбіне қисайып ұйықтап кетеді. Түсіне ақ сақалды шал кіріп: "Балам, сол қолыңда салқындық тұрса, оң қолыңда сабырлықтұрсын” дейді де ғайып болып кетеді.
Қарияның сөздері көкейінде жатталып қалған жігіт түн ішінде үйіне кіріп келсе, келіншегінің қасында серейген біреу жатыр екен. Екеуінде шауып тастамақшы болып, босағада сүйеулі тұрған балтаны сол қолымен алып, оң қолына ауыстыра бергенде шалдың айтқаны есіне түседі. Ұйқыдағы жарын тұрғызып:
- Қасыңда жаткан кім ей?! - дейді айкай салып.
Сондаәйелі:
- Ол сенің жиырмаға келген ұлың ғой, - деген екен жылап жіберіп.
Автордын сөзінен:
"Сабыр түбі сары алтын, саргайган жетер мүратқа”деген, сабырлы болайық, агайын! Сабырсыздық - сойқанның бастауы. Не істесеңде ақылмен істе, сонда өкінбейтін боласың. Ал, өкініш түбі ауыр қайгыга соқты- руы әбден мүмкін. Төңірегіңе сабырмен қарап, жагдайды ақылмен шешуге тырыс. Солайжаса, бауырым.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Біреудің еркегі көшеге барғанда ішіп қояды екен, масқара болғанда мөлшерден асып кетіп, көзге түсіп қояды екен. Бірде:
- Көшеге шыксак бірге шығамыз. Қатарларымнан ұят екен. Бүгін мен көшеге "как мужик” өзім барып кайтайыншы, - депті келіншегінен сұранып.
- Әй, сен алкаш, көшеге барсаң түк көрмегендей тойып келесің гой, - депті келіншегі жібергісі келмей.
ішпеймін деп кеткен күйеуі түн ішінде есігін әзер ашып тұр дейді. Удай мае.
- Айттым ғой ішіп келесің деп! - деген келіншегі шыж- быж болса: - Мен мынадай-ақ іштім, - депті күйеуі кос сау саі ымен стаканның молшерін көрсетіп.
- Ой, сен кімді алдап тұрсың?! Сен алкаш, мынадайға өлсең де мае болмассың!
- Көшеге бардым, - депті күйеуі ақталып. - Достар кездесті. Бәріміз моншаға түстік. Моншаның ішінде
жүздетейік деп едік, стакан табылмаған соң, әрқайсымыз шылапшынмен мынадайдан алдық.
Автордын созінен:
Артық ішкен мае болады, көрінгенмен қас болады. "Аяз эліңді біл, қүмырсқа жолыңды біл ” деген сөз бекерге айтылмаса керек. Арақ атаңнан қалган ас емес, есіцді жи, бауырым!
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Осыдан бірнеше жыл бұрын светтің жарығынан әбден киналган кезіміз болған. Түн ішінде айдаладағы бір шопанның әйелі босанайын деп жатса керек. Свет болса да жоқ, шамның да майы таусылған екен. Не істерін білмей сасқалақтаған шопан үлкен жолдың бойына жүгіріп шығыпты. Өтіп бара жатқан "Камаз” көлігін токтатып:
- Айналайын, інішек, - депті шопырынан сұраныс жасап. - Үйдегі жеңгең босанайын деп жатыр еді. Свет те жоқ. шырагданда май да жоқ. "Камазыңның” кос фарын жағып. бірдеңе кылып босандырып алайык. 
Киіз үйдің есігін екі жакка карай айкара ашып, "Камаздың” "дальний” фарын жағып, шопан ағамыздың үйіндегі жеңгеміз босанып жатыр дейді. Қараса біреуін босаныпты. Шопан ағамыз жас баладай қуанып жатса керек. Арада екі-үш минут өткенде екіншісін босаныпты. Қатты қуанған ағамыз шопыр жігітке семіз қойды агап, соны екеуі сыртта жуып отырса, іштен іңгәлаған үшінші дауыс шығыпты.
- Ойбай, інішек, "Камазыңның” жарыгын өшір, мына бала-шағаның бәрі жарыққа жиналып жатыр! - деген екен сонда сасқалақтаған шопан айқайға басып.
Автордын сөзінен:
Баласы көптіц ырысы көп. Бала-иіагаларымыз мол болсын! Солардың қамын ойлай, қызыгына тоймай, рахат гүмыр кеше беріңіздер, жүбайларыңызбен келісіп, туу, тумау жагын шеше беріңіздер. Негізінде белді бекем буган дүрыс, күш-куат бар кезде туган дүрыс. Көп бала пгапқан ана жүмақтың төрінен орын алады деген сөз бар. Ал, көп бала тугызган еркек қайда барады екен ?..
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
ілгері өткен заманда, ел жұртымыз аманда бір көкеміз атқа мініп келе жатса, алдынан оның атынан да биік аттарға мінген, ертокымдарына алтын жалаткан бірнеше кісі жолығыпты. Көкеміз әлгі кісілерге селқос амандасып өте шығады. Біраз жер жүргеннен кейін кішкене кара есекке мінген кара шал келе жатса, аттың үстіндегі көкеміз дөңгелеп түсіп, жүгіріп барып екі қолын беріп амандаскан екен.
Былай шыкканнан кейін серіктері неге олай жасадыңыз деп сұрағанда:
- Биік атка мінгендерден мен келін алған едім, олар байлыктың құлы болгандар. Ал. кара есектің үстіндегі кара шалдың жалғыз ұлына кызымды бергенмін, - деген екен.
Автордын сөзінен:
"Қыз берген - жалтақ, қыз алган - тал тақ ” деген мақал осыдан шықса керек. Қызыңды үлбіретіп өсіресің, жеткізесің. Қызыгын енді көрем бе дегенде махаббат заңымен өз еліне шыгарып саласың да, өзің үйде бір жылга дейін "япырай, не бон қалар екен” деп тақымыңды кысып отырасың. Өмірдің өзіосылай.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.