Материалдар санатында: 851
Материалдар көрсетілді: 71-80
Беттер: « 1 2 ... 6 7 8 9 10 ... 85 86 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Аузы ашық тұрган бөтелкедегі араққа түсіп кеткен гышқан әзер дегенде сыртқа шығып:
- Жекпе-жекке шыгагын мысық бар ма екен?! - денті айқай салып.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Жар жағалап балық аулап отырған жігіттің қармағына алтын балык ілігіп:
- Мені қайтадан суға жібер, бір тілегіңді орындайын, - деген екен жалбарынып.
Байлығы кеңірдегіне тірелген жігіт ары ойланып, бері ойланып:
- Осы әйелдердің өмірі ауыр деп жатады. Қолыңнан келсе мені бір айға әйелге айналдыр, - депті.
"Ләппай, тақсыр деген алтын балык көзді ашып- жұмғанша еңгезердей жігітті қатқан кара кайыстай кара катынга айналдырып жіберіпті. Бір апта өткеннен кейін әбден азып-тозған жігіт жағалауға келіп:
Мені қайтадан еркекке айналдыр. өлетін болдым. - дейді жалынып.
- Болмайды, - дейді балық. - Біз бір айға келіскенбіз. 
Дүниеден түңілген жігіт үйіне кайтып оралады. Бір ай өткеннен кейін жер бауырлап жағалауғажетеді.
- А... Алтын ба-балық, өлетін болдым, ме-мені қайтадан еркекке айналдыр, - дейді боздап жіберіп.
Еркектің денесін айналдыра қарап шыққан алтын балык:
- Қолымнан келмейді, - деген екен қабағын шытып. - Сіз көтеріп қойыпсыз...

Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Түнімен тойда болып басы сығып бара жаткан биология пәнінің мұғалімі столдың үстіне екі қырлы стаканды катар қойып, біреуіне таза су, екіншісіне ліпілдетіп арақ құяды. Екі жауын құртын алып біреуін суға, екіншісін аракка салады. Арақ кұйылған стакандағы жауын кұрты сеспей катады да, судағысы емін-еркін жүзіп жүре береді.
- Не байқадыңдар? - дейді мұғалім оқушыларға сұрақ койып.
- Арақтағы сеспей катты, судағы жүзіп жүр! - дейді оқушылар жамырап.
Әне, кордіңдер ме? Адамның асқазанында да аскарида деген құрт болады, соны жою үшін анда-санда жүз грамм тартқанның айыбы жоқ, - деген мұғалім стакандағы арақты ойланбастан тартып жіберген екен.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Астанада балық аулап отырған жігіт алтын балық ұстап алады.
- Мені жібер, бір тілегіңді орындайын, - дейді балық жалынып.
Комерсант жігіттің көзі жайнап кетіп:
- Астананың базарын жаулап алган Шымкенттік- терді елдеріне қайтар гөр, - дейді.
- Бұл қолымнан келмейді, - депті алтын балық жыламсырап. - Мен өзім Шардараның балыгы едім.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Бір адам әркімнен қарыз алып өмір сүреді екен. Қайтару жагына келгенде сараңдау болыпгы. Қарызын сұраи келгендерге "тауып беремін” дегеннен басқа ештеңе айтпаса керек. Қарыз бергендер осы шал өліп қалмаса екен деп тілейді іштерінен. Елдіц тілеуі қабыл болып, шалдың жасы жүз елуге келеді.
- Анау дүниеге мойныма қарыз арқаланып кеткім келмейді. Алгандарымды қайтарайын десем, қарыз берген адамдардыңбәрі қайтыс болып кетіпті, - депті қария өлерінде қапаланып.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Астананың көшесінде бір ит ала мысықты тырқыратып қуып жүр екен. Тал таппаған мысық тамның төбесіне қашып шыгады.
- Ей, шешеңді... мысық, түс төменге! - дейді айқай салып.
Қуанып кеткен мысық:
- Е, жерлесім екенсің ғой, - деген екен төмен карай түсе беріп.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Бір кемпір: "Шіркін, бес-алты немере сүйіп, соларды ауланың ішінде ойнатып жүрсем арманым жоқ” деген екен. Арманына жетіп, бірнеше немере сүйіп, соларды ойнатып жүріп, әрқайсысының артынан айқайлап жүгіремін деп әбден шаршаи-шалдығып, зорығып, озі өмірден өтіп кетіпті. Сол жерде мынадай мақал пайда болған екен: "Өз баланды оскенше багасың, немереңді олгенше бағасың”. Сөйтсек, бүл мақал татар халқында да бар екен. Олар былай деп айтады екен: "Уз болаң келәди, кетәді, ал, немерең сениң тубпңе жетәді”.
Түбімізге жететін немере-шоберелеріміз мол бол сын!
Тағы да бір кемпір армандаған екен: "Шіркін, келін түсіріп, аяқ-колымды ыстық суға малып отыратын күн болар ма екен” деп. Апамыз арманына жетіп, келін түсіріп, немере сүйіпті. Келін жұмыста, немересін ойнатып отырса, онысы қарап отырмай қағынып, бұтын былғап койыпты. Ол кезде "ползынки” деген болған, қазір оның төрін "памперс” тартыгі алған. Сол ползынкиді суық суға жуып жатса кірі кетпейді дейді, ыстық суға жуса кірі кетіп жатыр дейді. Сонда екі колын ыстық судан алмаған күйі көзін жұмып тұрып, кемпір былай деген екен: "Е, аяқ-қолыңды ыстық суға малып отыр деген осы екен ғой”. Ендеше, немере сүйіп аяк-қолдарыңызды ыстық суға мали беріңіздер!
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Мешітке келген жас жігіт:
- Молдеке, - деп сұрапты бас имамнан. - Мен мұсылмандыққа бет бұрып, намазға жығылайын деп едім. Бірақ, анда-санда "жұтып” қоятын әдетім бар еді. Осыған не айтасыз?
- Жайнамаздан шығып кетпесең болды, - деген екен имам беті бүлкетпей.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Жалғыздықтан жалыққан бір үйдің жалгыз баласы Аяз Атага былай деп хат жазыпты: - "Маған бір іні, болмаса қарындас салып жіберіңізші”. Аяз Ата болса: - "Мамаңды маған бір аптаға жіберсең айтқаның сөзсіз орындалады”, - деп жауап хат жазған екен.
Шабардың екі әңгімесі
Ауылдың сыртына кәрістер пісте егетін. Бірде ауылдың балалары тау болып үйіліп жататын пістеге ұрлыққа түспекші болдық. Басшымыз - бізден екі жас үлкен Зәуірбек. Бір-бір есекке мініп түнгі жорыққа шықтық. Кәрістердің тұрағына
жақындаған кезде:
- Есектеріңнің ауыздарын сыммен шандып байлап тастаңдар, - деді Зәуірбек акырын сөйлеп. - Ақырып койса
ұсталып қаламыз.
"Бастықтың” айтқанын бұлжытпай орындадық. Аузы байланған есектерді үй сыртына қалдырып, өзіміз жер бауырлап үйілген пістеге қарай бет қойдық. Қомағайлана қаптап жатырмыз. Қойынға да, қалтаға да тықпыштаудамыз. Ол кезде кәрістер "видик” дегенді көретін. Ешкім сыртқа шыққан жоқ. Қаптарымызды сүйретіп, жамбаспен сырғып есектерге келдік. Былай шыға бере есектердің аузын шешіп шаба жөнелдік. Анда-санда аузыма пісте салып шағып қоямын, дәнегі жоқ. Тағы да қайталаймын, дәні жоқ.
- Зәуірбек, сенің пістеңнің дәнегі бар ма? - дедім басшымызға дауыстап.
- Жоқ.
Отыра қалып шақтық, дәнегі жоқ. Сөйтсек, кәрістердің суырып тастаған пістелерін ұрлаған екенбіз.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Біздің ауылда кала түгілі аудан орталығын көрмеген Есенбай деген шопан тұрды. Бірде сол кісі сіңірген еңбегі үшін арнайы путевкамен делегацияның құрамында Ташкент қаласына баратын болды. Көкемізге өмірі киіп көрмеген костюм-шалбар кигізіп, мойнына колағаштай галстук тағып, калтасына беторамал салып шығарып салдык. Күйеуінен бір елі ажырап көрмеген әйелі тура бір майданға шығарып салғандай еңіреді. Кемпірлер басу айтып жүрігі әзер дегенде тоқтатты. Көзі бұлаудай көкеміз кете барды.
Есенбай Ташкентке жеткенше каптаған көліктер мен биік үйлерге тамсанумен болады. Гақтайдай теп-тегіс асфальт жолды отыра калып сыйнап көреді. Қалаға келіп, метромен шығып келе жагканда айналып тұрган лентаның біткенін байқамай қалып, омақаса құлайды.
- Ойпырмай, жер де айналады екен-ау! - дейді бетін дәу орамалымен сүрте беріп.
ЦУМ-ға кіре берісте қолын алға созып маникен тұрады. Соны көрген көкеміз елді қаға-маға алға қарай ұмтылып, жүгіріп барып қос-қолын беріп амандасады. Күлкіге қарык болған ел:
- Есеке, ол адам емес қой, неге амандастыңыз? - деп сұраса:
- Е, қайдан білейін, қолын созып тұрғанға бізге амандасып жатыр екен деп ойлап қалдым. Өзі де ауылдагы парторгтен аумайды екен, бәтшағар, - деген екен Есекең шынын айтып.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.