Материалдар санатында: 851 Материалдар көрсетілді: 21-30 |
Беттер: « 1 2 3 4 5 ... 85 86 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Сыраға тойып алған жігіт сыра сатушыға: - Күніне қанша бөшке сыра сатасың?-деп сұрайды. - Бесеу,-дейді анау. - Алты бөшке сатқың келмей ме? - Қалай сонда? - Стакандарды аузы-мұрнынан шығарып толтырып берсең жетіп жатыр.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Теңізшілер мектебінде емтихан жүріп жатыр. Оқытушы шәкіртіне: Егер оң жақ борттан дауыл ұрса сен не істер едің?-дейді. - Дереу зәкір тастаймын. - Сол жақ борттан ұрса ше? - Ол жаққа да зәкір тастаймын. - Құйрықтан ұрса ше? - Оған да зәкір тастаймын. - Тұмсықтан ұрса ше? - Оған да зәкір тастаймын... Сонша зәкірді қайдан аласың? - Ал сіз сонша дауылды қайдан аласыз?
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Бір күні бір жынды көлік апатына ұшырап ауруханаға түсіп қалып- ты. Сөйтсе артынан жағдайын сұрауға достары келеді екен. - Досым-ау аманбысың, не болды саған? Жынды: - Ешнәрсе болған жоқ аманмын, тек қана миымның шайқапғаны бол- маса.-депті.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Бір күні бір жынды поезға мінеді. Біраздан соң поезд орнынан қозғалып, жолсерік билет тексеріп келеді. Жындының билетіп көрген ол: - Сіздің билетіңіз Ақтөбеге қарай, ал, бұл поезд Апматыға барады,- дейді. Аң-таң болған жынды: - Сонда машинист қате бағытқа бара жатқанын білмей ме?
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Сағат неше болды?-деп сұрапты біреу біреуден. Анау қолындағы сағатқа бір қарап, қабырғадағы сағатқа бір қарап: - Төрттен он минут кетті,-дейді. - Неге екі сағатқа қарадың?-деген сұраққа ол: - Біреуінің үлкен тілі жоқ, екіншісінің кішкентай тілі жоқ,-деп жауап беріпті.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Бір күні бір христианин бір еврейді ұстап алып, шапалақпен тар- тып жіберіпті. - Денің cay ма сенің?-депті анау. - Сендер Иса пайғамбарды ағашқа керіп өлтіріпсіңдер, соны ақысы. - Есің дұрыс па, екі мың жыл бұрын болған оқиға емес пе бұл? -Ал, мен енді естідім,-депті мынау.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Көлде кенеттен толқын күшейеді де шомылып жүрген екі жігітті жағадан алыстатып жібереді. Қарсыласып қажуға айналған жігіттердің біреуі Құдайға жалбарына бастайды: - О, Құдайым! Мен пендешілікпен сені ұмытып, араққа, қыдырысқа салындым, кісілерді апдап, күнәға баттым... егер мынатажалдан аман- есен құтылсам, сенің алдыңдағы барлық күнә... - Әй тоқта, босқа әуреленбей-ақ қой, әне! Бір қайықшы келе жа¬тыр!-депті жолдасы, қуана айқайлап жіберіп.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Мектепке жаңадан келген әдебиетші мұғалім 7 сыныпқа бірінші сабағын өткізуге барып отырып, шәкірттерге түсін суыта қарап: -Сендерге бірден ескертем: егер кім де кім дөрекі сөйлейтін бол- са, мен оның жағын айырып, тілін жұлып, көресісін көрсетемін ол иттің баласына!-депті.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Алдардың әйелі ауырып қалыпты да оны дәрігерге апаруды ұзақ- сынып, молдаға апарыпты. Молда әрі қарап, бері қарап: - Өзін өзі аурумын деп ойлап назданып отыр, ештеңесі де жоқ,- депті. Кешке Алдар әлгі молдаға келіп: - Молдеке, әйелім өзін өзі өлдіге санап назданып жатыр, дем ал- майды, жүрегі де соқпайды,-депті.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Қабылдауына келген жігітке дәрігер әйел: - Шешініңіз,-дейді тамағы ауырып отырғандықтан ақырын сөйлеп. - Сіз ше?-депті жігіт.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары