Материалдар санатында: 851 Материалдар көрсетілді: 261-270 |
Беттер: « 1 2 ... 25 26 27 28 29 ... 85 86 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері Сталиннің қабылдау бөлмесінде бір топ генералдар көсемнің келуін күтіп тур. Бір уақыт- та Сталин олардың ешқайсысына қарамай кабинетіне кіріп бара жатып көзіне түскен бір генералды сыртынан нұсқап: -Ананы атыңдар!-деп бұйырады жанындағы күзетшілеріне. Алайда генералды дәл сол кезде ешкім тұтқындамайды. Ол үйіне қайтып барып өзінің жақын-туыстарымен қоштасады, үй-ішіндегілер жылап-сықтасады, бірақ генералды алып кетуге ешкім келмейді. Бір күн өтеді, екінші күн...Бір уақытта генерал инфаркт алады. Бір ай өтеді, жыл өтеді. Генерал екінші инфаркт алады. Соғыс та бітеді. Кремльде жеңістің құрметіне қабылдау өтіп жата- ды. Осы қабылдауда Сталин әлгі генералды көріп қалады. Ол оның жанына барып:-Міне көрдің бе, біздер тіпті Отанымыздың басына қатты қауіп төнген кезде де әзілдесуге уақыт таптық қой,-депті.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Анасы тоқсан соңында баласының табеліне қарап отырып, ашула- нып айқайға басады: - Бұл не сұмдық? өткен тоқсанда оқу озаты болып едің, бұл жолы үш алыпсың? Не бетімді айтам? Бала басы салбыраған күйі мұрнының астынан: - Мама-ау, өткен тоқсанда сен қуандың, бұл жолы басқалары қуан- сын да,- депті міңгірлеп.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Перзентхананың алдында зыр жүгіріп жүрген Қожанасырды көрген медбике жақын келіп: - Әйеліңіз үшеу босанды, бауы берік болсын,-дейді. Қожанасыр сасып қалып: - Сөйтетінін сезіп едім, өмір бойы ешнәрсеге көзі тойған емес біздің әйелдің,-депті.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Әкесі баласына: - Сенің жасыңда Наполеон бірінші сыныпқа оқуға барған. Баласы әкесіне: - Ал, сіздің жасыңызда император болған.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Бес жасар баласына әкесі: - Саған айттым ғой оттықпен ойнама деп? - Мен ойнағаным жоқ папа, тек темекі тұтаттым ғой.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Телефонмен кемінде 1 сағат сөйлесетін қызының бұл жолы 20 минут қана сөйлескеніне таң қалған әкесі: - Сен құрбыңмен сөйлестің бе қызым? - Жоқ папа, телефон номерін шатастырған біреу екен.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Асан мен Үсен бастауыш мектептің оқушылары. Екеуі сөйлесіп келе жатып, Асан Үсенге: - Сәбіздің көзге пайдасы көп дейді. Үсен: - Қалай сонда? Асан білгішсініп: - Қалай болушы еді, соны да білмейсің бе, көзілдірік таққан қоянды көрдің бе осы уақытқа дейін?-депті.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Купеде Алдар-көсемен еврей бірге келе жатады. Біраз жүрген соң еврей Алдар-Көсені аңқау көріп, өзінше тұзақ құрмақ болады да: - Есептен қалайсың? Логикалық есеп ойнап көрсек қайтеді?-деп ұсыныс жасайды. - Мақұл,-дейді Алдар сөзге келместен. - Онда бір-бірімізге сұрақ қояйық, мен жауап бере алмасам, саған 1000 теңге берем, сен жауап бере алмасаң 500 теңге бересің. Ал, баста,-дейді еврей. Алдар-Көсе: - Үш аяқты жануарды тап,-дейді. Еврей ары ойланады, бері ойла- нады-таба алмадым, мә 1000 теңге,-деп қолма-қол есептеседі. - Ал, өзің айтшы үш аяқты жануарды? Алдар күліп: - Мен де білмеймін, мә саған 500 теңге, - деген екен.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Оқуға ерні ісіп келген баладан жолдастары: - Саған не болған? - Әкем екеуміз қайықпен қыдырып жүр едік, менің ерніме бір ара келіп қонғаны... - Сонда ара шағып алды ма? - Жоқ, әкем ескекпен бір ұрғаны.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары
Кішкентай Арман сөздерінің арасына "шайтан алғыр” деген сөзді көп қолданатынын естіген шешесі: - Арман, мә саған 10 теңге енді қайтып жаңағы "шайтан алғыр” деген сөзіңді айтпауға уәде бересің бе? - Мақұл, мама. Бірақ мен 1000 теңге тұратын сөзді де білем.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сұрыпталмағандары