Материалдар санатында: 851
Материалдар көрсетілді: 91-100
Беттер: « 1 2 ... 8 9 10 11 12 ... 85 86 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Жастары алпысқа таяп калған кемпір мен шалдың он бес бала-шағалары болыпты. Ересек болып калған ұлдары әке- шешелерінің аяқтарын жерге тигізбей күнде зембілге салып көтеріп жүреді екен. Көршілері қызыға қарап: "Әне, пәленшенің балаларына карамайсыңдар ма, ата-аналарының аяқ-қолдарын жерге түсірмей зыр жүгіріп жүр” деп үлкен әңгіме қылады екен. Бір күні көршісі:
- Неге әке-шешелеріңді күнде зембілмен көтеріп жүресіңдер? - деп сұрапты аң-таң болып.
Өзіміз он беспіз. Он алтыншысын өмірге әкеліп коймасын деп жерге түсірмей жүрген жайымыз бар, - деген екен балалары өте шығып.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Түн ішінде үйіне кірген жігіт айнаның алдына барып, шалбарын шешіп, құйрыгындағы қанаған жерге лейкопластырь жапсырады да, төсегіне барып ұйықтап калады.
Таңертең келіншегі шашын тарайын деп айнаның алдына барса лейкопластырь жарсырулы, тұр екен. Жагдайды тез
түсінген әйел күйеуін ұйқысынан жұлқылап оятып:
- Құйрығыңды қай жерге қанаттың? - деп сұрайды.
- Қанатқан жоқпын, - дейді күйеуі дес бермей.
- Шеш қане, шалбарыңды! - деген әйел күйеуінің құйрыгындағы жарақатты айнаға қаратканда, лейкопластырь дәл келеді. Сол кезде барып жігіт түнде не істегенін түсінген екен...
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Екі жігіт подвалда арак ішіп отырғанда свет өшіп қалады. Қараңғыға қарамастан арақ ішу жалғаса береді. Бір кезде жүз грамды құйып отырганға екіншісі:
- Сен неге өзіңе көп, ал, маган аз құйып отырсың?! - дейді шатақ шыгарып.
- Тас қараңгыда оны қайдан білдің? - дейді құйгыш
жігіт.
Маган келгенде "бүлк,бүлк”, өзіңе келгенде неге бүлк, бүлк, бүлк” ? - деген екен екінші жігіт.
Екі көрші кемпір бір самаурын шайды ортаға алып әңгімені соғып отырсакерек. Арада біразуакытөткенде:
- Қыз-ау, - депті біреуі екіншісіне. - Өткенде келін гүсірді деп еді, келін деген қандай екен?
Көрші кемпірдің көзі шоқтай жайнап:
- Ойбүй, айтпа, келін деген рахат екен! - дейді риза болып. - Келін деген таңғы бесте тұрады екен. Содан кешке дейін қолынан сыпырғы мен екі шелек түспейді екен. Таңғы бесте тұрған келін түнгі үште бірақ ұйықтайды екен. Келін деген керемет екен!
Екінші самаурындағы шай орта тұсына келгенде:
- Қыз-ау, - дейді қулау кемпір тағы да сұрак қойып. - Жақында қызыңды ұзатыпсың, қызыңның барған жері қандай екен?
- Ойбуй, айта көрме! - дейді кемпір қабағын шытып. - Қызымның көрген күні күн емес екен! Қызым таңғы бесте тұрады екен. Содан қараңғы түскенше қолынан екі шелек пен сыпырғы түспейді екен. Таңғы бесте тұрған қызым үзіліп барып түнгі үште бірақ ұйықтайды екен. Қызымның барған жері жаман екен.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Бір агіамыз пенсия алуға барыпты. Ақшасын алып болғаннан кейін кассир келіншек:
- Апа, қол қойыңыз, - десе:
- Қарағым-ай, біздің кезімізде мектеп деген болмаган, сауатым жоқ, қалай кол қоямын? - депті кемпір күйзеліп.
- Апа, аларыңызды алдыңыз ғой. бірдеңе кылып доңгелектің суретін салыңыз, - депті келіншек тақымдап.
Қолы дір-дір еткен апамыз бес ай дөңгелектің суретін салып пенсиясын алады да, сосын келмей қояды. Ауырып қалды ма деп. бес айлық пенсиясын жинап үйіне барса, апамыз кутың-қутың етіп көршінің ауласын сыпырып жүр екен. Ақшасын санап алыпты да. қалтасына салыпты. Ал. енді кол қойыңыз десе, бұрын дөңгелектеп кол қоятын апамыз төргоұрыштап кол койыпты.
Көзі шарасынан шығажаздаған келіншек:
- Апа, мен сізге түсінбедім, - депті бозарып. - Бұрын пенсияңызды дөңгелектеп алушы едіңіз, енді төртбұрышгап алып тұрсыз. Өз аулаңызды емес, көршінің ауласын сыпырғаныңызға жол болсын?
- Е, жас келіндер, сендер не білесіңдер, - депті апамыз қутыңдап. - Мен анау бүкшеңдеп жүрген көрші шалға күйеуге тигем, менің фамилиям өзгерген.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Сексендегі шалдың кемпірі көтеріп қойып род- домнан бір-ақ шығыпты. Кемпір аман-есен босанып, бесінші қабатта жатыр екен. Сәлем-сауқатын алып шалы келеді.
- Шал-ау! - деп айқайлайды кемпірі терезеден басын шығарып. - ?л босандым, ұл!
- Не дейсің?! ?л дейсің бе?! Е, дұрыс бопты! - дейді шалы құлағын көлегейлеп.
- Дәрігерлер сізге бұдан кейін босануға болмайды, мына баланың атын "Тоқгасын” деп қойыңыздар деп жатыр! Есіттің бе,"Тоқгасын” деп қойыңдар дейді?!
- Тэйт! - деген екен сонда шалдың коздері шатынап. - "Токтасын” дегені несі?! "Жалғас” деп қойыңдар агын!.. Жалғас..!
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Он баланың ең соңғысы қап-қара боп туылыпты. Өңшең аппақ балалардың ішіндегі қара бала өскеннен кейін:
- Мама, басқа балаларың аппақ та, мен неге қап- қарамын? - деп сұрапты шешесінен. - Құрдастарымның бәрі негр деп мазақтайды.
Анасы айтқысы келмей ары-бері қашқақтатқаны- мен баласы тақымдап қоймайды.
- Бірде түнде жұмыстан келе жатыр едім, біреу қуалап берді. Қарасам, қап-қара негр екен. Мен қашып келе жатырмын, қашып келе жатырмын. Ол қуып келе жатыр, қуып келе...
- Болды, айтпай-ақ қой, - депгі бала жылап жіберігі...
Ұзын шарбак біткен жерде бір мае батпакка батып жатса. шарбакка сүйеніп әзер келе жатқан екіншісі оған карап
өлгенше күледі.
- Қа-қазір шарбак біткен кезде кө-көрем күлгеніңді, -
деген екен батпақтағы мае тілі күрмеліп.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Бір апа таксиге отырып:
- Мені қыргы базарга дейін апарып таста, - дейді әй- шәйжоқ.
- Екі жүз тенге, - дейді таксист екі аялдамалық жерге әжептеуір құн айтып.
- Айда, кеттік!
Діттеген жеріне жеткен кемпір жүз тенге беріп түсіп баражатса керек.
- Апа, калганы қайда? - дейді таксист шыж-быж болып.
- Бұл машинамен мен келген жерге сен де келдің, жартысын озің толе, - депті кемпір ұзай беріп.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Жамбыл облысының Қаратау қаласында есімі елге белгілі айтыскер акын, азулы асаба Ербол деген жігіт ағасы тұрады. Эке жолын куған егіз ұлдары бар.
Бірде аулада балалар ойнап жүреді. Арада ерегіс
туындайды да:
- Менің папам мәдениет үйінің директоры! - дейді біреуі
мактанып.
- Менің әкем мектептің директоры! - дейді екіншісі
кеудесін керіп.
Сонда егіз ұлдың бірі саспастан:
- Біздің папамыз тойдың директоры! - деген екен мақтанышпен.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Мал шаруашылығы унпверснтетінде оқитын бір студент түнімен емтиханға дайындалады. Уақыттың тығыздығына байланысты барлық билетті оқып үлгере алмай^ тек кана бит туралы тақырыпты әбден жаттап алыпты. Емтиханға кіріп бірінші билетті алса, сиыр іуралы екен.
- Сиыр дегеніміз ірі кара мал, - депті студент жауап беріп. - Етін жейміз, сүтін ішеміз. Оның жүнінің арасында биті болады, ал, бит дегеніміз...
- Баска билет алыңыз, - дейді мұғалім бит туралы зулатып бара жатқан студентті тоқтатып.
Студенттің екінші бплеті қой туралы екен.
- Қой, - депті студент тез жауап қатып. - ?сақ малға жатады. Оның да жүні болады, жүнінің арасында би гі...
- Мына билетті алыңыз, - дейді мұғалім басқасын ұсынып. Сөйтсе ол балық туралы екен.
- Балық, - депті студент саспай бірден жауап беріп. - Суда жүзетін жәндік. Оның да етін жейміз. Оның денесінде жүні болмайды, жылтырақ қабығы болады. Егер жылтырақ қабықтың орнында жүні болғанда, онда жүнінің арасында биті болатын еді. Ал, бит дегеніміз...
Амалы таусылған мұғалім студентке бага қойыіі берген екен.
Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0
Жасы жеі піс ген асқан шал бір күні:
Кемпір, - депті құдай қосқаи қосагына сөз айтып. 
- Жастык шағымызды еске түсірсек қайтеді?
- Қалай байғұс-ау?! - дейді кемпірі шошып кетіп.
- Баяғыда есіңде ме, мен сені кас карая ауылдың сыртындағы үлкен кара талдың түбінде күтуші едім ғой? - дейді шал жұтынып қойып
- Иә, есімде.
- Бүгін түнде мен сені сол кара талдың түбінде күтемін,сен кел, жарай ма?
Кемпірі келісіп, шал шырттай киініп, бір құшақ гүлін алып, айтылған уақытта кара талдың түбіне келеді. Бір сағат күтеді, кемпірі жок. Екі сағат күтеді, кемпірі жоқ. Бір кезде найзағай ойнап, шелектеп жауын жауады. Күте-күте әбден ығыры шығып малмандай су болган шал бір құшақ гүлін таптап, ашуланып үйіне кіріп келсе, кемпірі жылы пештің түбінде ұршық үйіріп отыр дейді.
- Ей, мен сені әбден күттім ғой, неге келмедің?! - деген шал камшысын үйіре бергенде:
- Тсс.. - депті кемпірі саусағымен аузын көлегейлеп. - Апам жібермей койды...
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.