Есі ауысқан дәрігер пациентінен:
- Иығың әлі ауыра ма?-деп сұрайды.
- Иә.
- Онда иығыңа ыстық грелка қой.
Орнында әрең отырған науқас таңданған кейіппен:
- Екі күн бұрын ғана иығыңды мұзбен ысқыла деп едіңіз,-дейді. Есі ауысқан дәрігер ашуланып:
- Осы ауруларды түсінбеймін... Ау, оны екі күн бұрын айттым, ал, медицина күнде дамып жатқан жоқ па?-депті.