Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0

Төрге жайгаскан молда шариғаттан әңгімені қозғап отырып арасында былай деген екен:
- Егер басыңда шымшықтың миындай миың болса, койныңда жатқан қатыныңның тілін алушы болма.
Мына сөзді көкейлеріне түйіп алған үй егелері сыртқа шығып сыбырласа бастайды. Бір шешімге келгеннен кейін ішке кірген отағасы:
- Молдеке, - дейді колын кеудесіне қойып. - Құр қолға бата жүрмейді деген. Сіздің бүгінгі берген ак батаңыз бен көңіл толқытарлық уағыздарыңызға мен бір токты берейік десем, келіншегім токты ұят болар, одан гөрі бір тана берейік деп жатыр. Осыган калай карайсыз?
Сонда аз-кем ойланып барып желкесін касыған молда:
- Е, бауырым, анда-санда әйелдің де тілін алган дұрыс, - деген екен өз айтканынан тайқып шыға келіп.
Бұрылыстагы "пешеходный переходтан” бір әйелді өткізбей қойған шопырды МАИ қызметкері тоқтатып:
- Әйелді өткізбей жол ережесін өрескел бұздыңыз, - депті кұжаттарын сыпырып алып.
- Маған кезінде атам егер еркек болсаң жолыңды әйел баласына кестірме деген еді. Өтіп бара жатқан жүргінші әйел болған соң өткізбедім, - депті шопыр беті бүлк етпей.
- Жарайды, мұныңа келістік, - депті милиционер түсінікті көзбен қарап. - Ал, арғы жагында МАИ қызметкері тұрса не істеу керек екенін саган атаң айтқан жоқ па еді?
- Оны да айтқан еді, - депті шопыр сөзін жалгастырып. - Егер ол "маишник” еркек болса сені жібереді деген еді...
Өзеннің арғы бетінде кыз-келіншектер шомылып жатса керек. Бергі жағалауда эр түрлі жастагы ер кісілдер қарап тұрады.
- Қой, неге қарап тұрмыз, жүзіп барайық, - деген жиырма мен отыздың арасындагылар ойланбастан суға қойып кетеді
- Қайық бар ма екен, қайык бар ма екен? - дейді отыз бен қырық жастагылар жан-жақтарына қарап.
- Керек болса өздері келер, - дейді дейді қырық пен елу жастагылар жайбарақат.
- Осы жерден қарап тұрсақ та жетер, - деген екен елу мен алпыс жастан асқандар көздерін алақандарымен көлегейлеп.

Караулар: 519

Түсіндірмелер саны: 0
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.