Санаттан алынған материалдар "Сұрыпталмағандары"
0

Жеті жүз адам сиятын мәдениет залында үлкен концерт өтіп жатса керек. Концерт бітуге таяған кезде кара домбырасын аркаланып келген казақтың кара домалак баласы "мен бір терме айтайыншы "деп сұраныпты. Қара домбыраның мысы басса керек, "айтсаң айт” деп сахнаның төріне жіберіпті. Астына апалар тігіп берген кішкене құрак көрпешесін төсенген әнші жігіт малдас құрып отырып, екі көзін таре жұмып, ұзак бір термеден бастаса керек. Арада жарты сағаттай уақыт өткеннен кейін екі көзін айқара ашып қараса, жеті жүз адамнан ешкім қалмапты. Тек қана екі кемпір отыр екен. Көздерін қайта жұмып, бір сағаттан кейін термесін бітіріп көзін ашеа, әлгі екі кемпір әлі отыр дейді. Риза болған жігіт біреуіне жақын келіп:
- Оу, апа, менің әнімді аяғына дейін тыңдадыңыз гой. Соған Караганда ұнаған болса керек. Апа, шыныңызды айтыңызшы, менің термем сізге ұнады ма, жок па? - десе:
- Әй, қараңқалғырдың баласы, қаттырақ айт, менің екі құлағым тас керең! - депті кемпір жаулығының шетінтүріп.
Көңілі калган жігіт екінші ападан сұраса:
- Мен бір еріккеннен отыр дейсің бе? Анау астыңатөсеп алған кұрақ көрпеше менікі еді, соны күтіп отырмын, - деген екен онысы ашуланып.
Автордын сөзінен:
Егер сіздің дауысыңыздан бесіктегі бала шошып оянатын болса, егер сіздің әніңізден атқа мініп бара жатқан кокемізді am топыраққа лақтырып кететін болса, он Да ән айт деген зорлың болмайды. Бірақ, "әу” демейтін қазақ жоқ. Отырысымызды әселі эндеріңізбен ажарлап отыратын болсаңыздар, алгыстан басқа айтарымыз жоқ. 
Бір үйге жаңадан түскен жас келін бала көтермей. ем- домның неше түрін жасайды. Әбден амалдары таусылған үй егелеріне бір тәу іп:
- Егер келіндеріңіздің үстінен арманы жоқ кемпір аттап өтетін болса, онда немерелі боласыздар, - дейді.
Мынаны естіген ата-енесі тез арада арманы жоқ кемпірді іздеп, жолға шығады. Байдың кемпірінде арман болмайтын шығар деп мыңғырған малы, шылқыған байлығы бар шаңыраққа келеді. Сөйтсе, ол үйдің кемпірінде арман деген молынан жетеді екен. Бір апта аяктарынан тозып, армансыз кемпір таппай азып-тозып келе жатса, алдарынан отын арқалаған жалаңаяқ кемпір кездесіпті. Жандары ашыған олар кемпірді ала кетпекші болып қасына жакындайды. Не үшін жүргендерін айтқан кезде:
- Мына менде арман жоқ, - депті кемпір жайбарақат.
Жерден жеті қоян тапкандай қуанып кеткен олар:
- Қалай арман жоқ?! Шынымен айтып тұрсыз ба?! - дейді жарыса сұрап.
- Жалған айтып не көрініпті. Мына менде арман да жоқ, дамбал да жоқ, - деген екен кемпір етегін көтере беріп.
Автордын сөзінен:
Армансыз адамды қанатсыз қусқа теңейміз. Армандарыңыз алга жетелеп, қиялдагы дунивлеріңіз шындыққа у ласа берсін!

Караулар: 423

Түсіндірмелер саны: 0
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.