Күйеуі түнеріп қайын енесі жатқан ауруханадан оралады. Әйелі есік алдында қарсы алады.^
- Қалай мамамның жағдайы жақсы ма?
- Сенің мамаң ат сияқты дені сау. Жақында ауруханадан шығады, сосын біздің үйде түрады.
- Түсінбеймін! Кеше ғана дәрігерлер оны өлім аузында деп еді.
Күйеуі ашуланып:
- Саған дәрігерлердің не дегенін білмеймін, ал маған ең қайғылы жағдайға дайын болыңыз, - деді. .
- Күйеуіміз екеуміз сәл ренжісе бастасақ,- дейді үй иесі келіншек қонағына сыр айтып,- балаларды сыртқа шығарып жібереміз.
- Йә, балаларыңыздың түрінен сыртта көп жүретіні көрініп тұр, - депті қонағы сонда.