Бір әйелде бір қыз бен баласы болады. Қызы күйеуге шығып ба¬ласы үйленеді. Бір күні әйел көршісіне өзінің балаларының өмірі туралы айтады:
- Баламның жолы болмады. Ол бәрін өзі істейді. Пол жуады, кір жуады, тамақ істеп, келіннің азанғы асын төсегіне апарып береді. Ал, келінім болса-бетбақ, жалқау оңбаған адам болып шықты. Үймен жұмысы жоқ. Магазин мен шаштаразға барудан босамайды.
Есесіне, қызымның жолы болды. Оның күйеуі бәрін өзі істейді. Кір жуады, еден тазалайды, тамақ істейді. Қызымның демалуға, қыды- руға уақыты жеткілікті.