Бірде Қожанасырдан мектепте оқытушы:
- Қожанасыр, төрттен төртті алса не қалады? - деп сұрапты.
Қожанасыр жауап бере алмайды.
- Мысалы, қалтаңда төрт теңгең бер еді, сол теңгелер қалтаңнан түсіп қалды, сонда не қалады? - депті оқытушы пысықтап.
- Не қалсын, теңге түсіп кеткен тесік қалады да - депті Қожанасыр.