Бір кісі Қожанасырға келіп:
- Қожеке есегіңізді бере тұрыңызшы, бір жерге барып келейін,- дейді. Қожекең бергісі келмей, «есек өрісте»,- дейді.
Әлгі кісі кейін қайырылып есіктен шыға бергенде, есек ақырады, Сонда әлгі кісі тоқтап «есектің даусы шықты»,- дейді.
Сонда Қожекең түрып:
- Сен өзі маған сенесің бе, әлде хайуан есекке сенесің бе? - деген екен.