Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері Сталиннің қабылдау бөлмесінде бір топ генералдар көсемнің келуін күтіп тур. Бір уақыт- та Сталин олардың ешқайсысына қарамай кабинетіне кіріп бара жатып көзіне түскен бір генералды сыртынан нұсқап:
-Ананы атыңдар!-деп бұйырады жанындағы күзетшілеріне.
Алайда генералды дәл сол кезде ешкім тұтқындамайды. Ол үйіне қайтып барып өзінің жақын-туыстарымен қоштасады, үй-ішіндегілер жылап-сықтасады, бірақ генералды алып кетуге ешкім келмейді.
Бір күн өтеді, екінші күн...Бір уақытта генерал инфаркт алады. Бір ай өтеді, жыл өтеді. Генерал екінші инфаркт алады.
Соғыс та бітеді. Кремльде жеңістің құрметіне қабылдау өтіп жата- ды.
Осы қабылдауда Сталин әлгі генералды көріп қалады. Ол оның жанына барып:-Міне көрдің бе, біздер тіпті Отанымыздың басына қатты қауіп төнген кезде де әзілдесуге уақыт таптық қой,-депті.