Қожанасыр бір күні шәкіртінен:
- Бір пұт мақта ауыр ма, немесе темір ауыр ма?- деп сұрапты.
Шәкірті ұстазының мұндай сұрауына ойланып:
- Әрине, екеуінің салмағы бір болса керек - депті.
- Балам, сенің жауабың да дұрысқа ұқсайды, бірақ та бұл туралы әйелімнен сұрағанымда ол *темір ауыр* деп мені жеңген еді - депті Қожанасыр.